Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркия арнайы қызметтері ИМ жаңа мақсаттарының тізімін алды, оның ішінде Анталья да бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» террорлық тобының содырлары Түркияға өте көп лаңкестік жоспарлаған. Оның ішінде шетел туристері көп баратын Антальяның белгілі түнгі клубы да бар. Бұған 2015 жылы Анкарада лаңкестікті ұйымдастырушының үйінен алынған материалдар дәлел, деп жазды Cumhuriyet газеті.

Түркия арнайы қызметтері ИМ жаңа мақсаттарының тізімін алды, оның ішінде Анталья да бар

Түркия арнайы қызметі компьютерден бірқатар лаңкестікті ұйымдастырушылардың құжаттарын тапты, оның ішінде   Юнус Дурмаздың Анкарада вокзалда жасаған терактісі де бар. «ИМ» содыры Дурмаз мамыр айында полицейлер операция жүргізіп жатқан уақытта өзін-өзі жарып жіберген. Тізімде сенбіден орын алған Газиантептегі той үйі де бар.

РИА «Новости» хабарлағандай, лаңкестердің бірінші кезектегі мақсаты Түркия оңтүстік-шығысындағы және Жерорта теңізі жағалауындағы  алавит ағаштары, солшыл партиялар мен құрдтардың халықтық демократиялық партиясының отырысы болған,-  деп атап өтеді газет.

Мақсаттардың бірі мыңға жуық адам сыятын шетелдік туристер мен  жергілікті тұрғындар арасында танымал  Анталиядағы түнгі клубтар болған. Содырлар алдымен күзетшілерді өлтіріп, сосын клубта жанкешті өзін жарады деп жоспарлаған.

Содырлар Түркияда лаңкестікті жүзеге асыру үшін кемінде 150 адам дайындаған.

Лаңкестік салдарынан Түркияда 140 адам көз жұмды. Оны ұйымдастыруды басында тұрған Юнус Дурмаз «қызыл тізімге» енген. Оны ұстауға көмектескендерге Түрік билігі сыйлық ретінде 4 млн түрік лирін төлеуге уәде берген.