02:34, 29 Маусым 2012 | GMT +5
Түркия әскерін Сирияға жақындатуда
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Түркия билігі Сириямен шекараласатын аймаққа өз әскерін орнатып жатыр. Бұл жайында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеуде.

Олардың айтуынша, бүгінде бұл маңайға 30 әскери көліктен тұратын колонна келіп жеткен. Сонымен қатар, Хатай провинциясындағы 3-ші шекаралық жаяу әскерлер бөліміне артилерриялық қондырғылар мен зымырандық жүйелер әкелініпті. Ал, Шанлыурфа провинциясына танкілер жіберілген деген де хабар бар.
22 маусым күні Түркия ұшағын сириялық әскерилер атып құлатқаннан кейін бұл екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлап кеткен болатын. Сарапшылар мұның соңы әскери қақтығыстарға да ұласып кетуі мүмкін екендігін жасырмайды. Өз кезегінде Түркия билігі ушыққан мәселені соғыс арқылы емес, дипломатиялық жолмен шешуді қалайтынын жеткізген. Бұл туралы BAQ.KZ. жазады.