Түркия астанасында «Ичкерияның құрметті консулын» атып кетті

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Түркия астанасында өзін Ичкерияның құрметті консулы деп атайтын Медет Унлюді атып кетті. Оған Анкара қаласының орталығында орналасқан кеңседе жақын қашықтықтан бірнеше оқ жаудырған, деп CNN Turk телеарнасының мәліметеріне сүйеніп РосБизнесКонсалтинг хабарлайды.
None
None

М. Унлюді өлтіргендер оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыскерлерді ізін суытпай қолға түсіруге мүмкіндік болмады. Өлтіру себептері әзірге белгісіз. М. Унлю 1998 жылдың соңында «Ичкерия консулдығын» басқаруға келген. Ол Солтүстік Кавказ шешендерін қолдау комитеті аясындағы қоғамдық ұйым ретінде қызмет етті, себебі Түркия үкіметі Ичкерияның өз бетімен жариялаған тәуелсіздігін мойындаған жоқ.

М. Унлю Түркия елінде шешен радикалдарының мәселелерімен айналысып, экстремистер көсемі Доку Умаровпен тығыз қарым-қатынаста болған. Атап өтсек, соңғы жылдары Түркияның бірқатар қалаларында «тәуелсіз Ичкерияға» қатысы бар бірнеше шешен ұлтының өкілдері атып өлтірілген. Сонымен қатар, экстремистер идеологтарының бірі Мовлади Удугов әлі күнге шейінТүркияда тұрып жатыр.

Соңғы жаңалықтар