21:23, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Түркия әуе кеңістігін бұзған сириялық әскери ұшақты атып түсірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия қарулы күштері елдің әуе кеңістігін бұзған сириялық әскери ұшақты атып түсірді. Бұл туралы Түркия Премьер-Министрі Реджеп Тайип Эрдоған хабарлады, деп жазады Би-Би-Си.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, бұл оқиға шекаралық өткізу бекетін қадағалау үшін Башар Асад күштері мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыс жүріп жатқан ауданда орын алған.
Эрдоған әскери міндетін орындаған үшін Түркия қарулы күштеріне алғысын білдірді. «Егер сіздер еліміздің әуе кеңістігін бұзатын болсаңыздар, біздің тараптан қатаң жауап қайтарылады»,- деді ол Сирия билігіне қаратып айтқан сөзінде. Әзірге, аталған оқиға бойынша сириялық тарап ешқандай түсініктеме берген жоқ.