16:49, 02 Шілде 2010 | GMT +5
Түркия әуе күштері Ирактағы әскери базаны жарып жіберді
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Түркияның әскери-әуе күштері Ирактың солтүстік бөлігінде орналасқан күрд сепаратистерінің негізгі базасын жарып жіберді, деп хабарлайды Associated Press агенттігіне сілтеме жасаған РосБизнесКонсалтинг.

Шілденің 1-2-сі аралығында өткізілген екі күндік әуе операциясының нысанасы - Кандил таулары мен Хакурк шекаралас Ирак аймағындағы содырлардың жайғасқан жерлері болды. Түркия ӘӘК түрік қолбасшылығының өкілдерінің сөзінше, түріктің әуе күштері нысанаға дөп тигізе отыра, бейбіт тұрғындар арасындағы шығындарды болдырмауға мүмкіндік алды.
Түркия ӘӘК өкілдері нақтылап бергендей, операцияға қатысқан барлық ұшақтар Түркиядағы әскери базаға қайтып оралды. Жойып жіберілген содырлардың саны туралы ақпарат әлі келіп түскен жоқ.