Түркия әуежайларында дрондарды ұстау үшін қырғыз қырандарын пайдалануды жоспарлап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия әуежайларында дрондарды ұстау үшін қырғыз қырандарын пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Хаберлер» түрік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап КирТАГ хабарлады.
Түркия әуежайларының мемлекеттік әкімшілігінің бас директоры Сердар Хусейн Йылдырым атап өткендей, соңғы кездері дрондар сияқты ұшқышсыз объектілер проблемаға айналды.
«Амстердам әуежайында Схипхол дрондармен күресу үшін қырандарды белсенді түрде пайдаланады», - деді ол.
«Қырғызстанда ғасырлар бойы аң аулауда қырандарды пайдаланады. Мүмкін құстарды сол жақтан әкелетін шығармыз», - деді Сердар Хусейн Йылдырым.
Еске сала кетсек, британдық компания Openworks Engineering заң бұзған дрондарды аулайтын пневма зеңбірек жасап шықты. Құрылғы парашюты бар ау атады және дронды бүлдірмей жерге түсіреді.