Түркия бауырлас қазақ елінің тілектестігін еш уақытта ұмытпайды - Елші

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык 2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияға қарсы жасалған мемлекеттік төңкерістің 1 жылдығына орай Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.     
None
None

«2016 жылдың 15 шілдесінде болған оқиғалар ФЕТӨ лаңкестік ұйымының еліміздің демократиялық жүйесі мен конституциялық құрылымына қарсы жасаған жаулау әрекеті еді. Сол түні өзін «әлемнің иманы» санайтын Фетхулалах Гүленнің ФЕТӨ ұйымының мүшелері Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісі ғимараттарын, Президент әкімшілігі кешенін, Ұлттық барлау ғимараты мекемесінің бас кешенін, Арнайы мақсаттағы джасқа штабын бомбалап, қарусыз халыққа шабуыл жасады», - деді Түркия Елшісі.

Оның айтуынша, ФЕТӨ-нің Түркиядағы құрылымдарымен күресу  жалғасуда. Бүгінде бұл ұйымның көптеген шет мемлекеттерде білім, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдары саласында құрылымдары бар.

«ФЕТӨ лаңкестік ұйымының сатқындық төңкерес әрекетінен кейін елімізге мемлекет басшысы деңгейіндегі алғашқы сапарды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады. Түркия мемлекеті мен оның халқы Елбасы Н. Назарбаевтың жетекшілігімен дос әрі бауырлас қазақ елінің көрсеткен тілектестігін еш уақытта ұмытпайды», - деді Н.Уянык.

2 3 4 5 

Соңғы жаңалықтар