Түркия билігі апат орын алған шахтадағы құтқару операцияларының аяқталғанын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарт - Түркияның Энергетика министрі апат орын алған шахтадағы құтқару операцияларының аяқталғанын жария етті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Түркия билігі апат орын алған шахтадағы құтқару операцияларының аяқталғанын жариялады

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, жер астында бірде-бір кенші қалған жоқ. Соңғы деректерге сәйкес апат салдарынан 301 шахтер қаза тапқан.

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні Ыстамбұлдан 200 шақырым қашықтағы Сома елді мекеніндегі көмір шахтасында газ қоспасы жарылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен 2 шақырымдық тереңдікте электр сымының қысқа тұйықталуы салдарынан дұрыс жұмыс істемей тұрған трансформатор жарылған. Дәл осы кезде жер астында 787 адам болған.