Түркия билігі бұрынғы президенттің мәйітін ашуға пәрмен берді

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Түркия өкімет орындары 29 қыркүйекте елдің бұрынғы президенті Тұрғыт Өзалдың сүйегін эксгумация жасауға келісім берді, деп хабарлады РБК. 1993 жылы қайтыс болған саясаткердің туыстары ол уланған деген пікірде.

Түркия билігі бұрынғы президенттің мәйітін ашуға пәрмен берді

Бұрынғы көшбасшының бейітін ашуға прокуратура қызметкері қатысады, деп хабарлайды Euronews. Ыстамбұлда жерленген президенттің сүйегін аршу қашан басталары ұрпақтарына әзірге белгісіз.

Ресми нұсқа бойынша салмағы артып кеткен Т.Өзал жүрегі тоқтап қалуынан қайтыс болған. Ал экс-көшбасшының туыстары мемлекет басшысынан оның батыстық бағытты ұстануын кешіре алмаған ықпалды адамдар құтылған деп санайды.

Түркия тарихына Т.Өзал мүмкіндігінше түрік өмір салтын батыспен жақындастыруға қолынан келгенше күш жұмсаған адам ретінде енді. Президент тағында шектеулі билігі ғана болды. Кішіазиялық осы елде премьер-министрдің ықпалы күшті болатын. Бұдан басқа, түрік атқарушы билігі әсіресе Т.Өзалдың тұсында армия тарапынан қысыммен шектелді.   

1960 жылдардан 1980 жылдарға дейін Түркияда әскерилер бірнеше мемлекеттік төңкеріс жасады. Сол кездегі елде қалыптасқан жасырын уағдаластық бойынша армия сол жылдарда өздерін ақтамаған саясаткерлерді ығыстыруға ықпалды болды. Сөйтіп, бейресми ымыраға сәйкес исламистер мен коммунистердің билікке келуіне тосқауыл жасалды.