Түркия билігі YouTube-ні жабу туралы шешімін жойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Телекоммуникация департаменті сейсенбі күні өзінің ресми сайтынан YouTube бейнесервисін жабу туралы шешімін алып тастады.
None
None

Портал бірнеше сағаттан соң іске қосылуы тиіс, деп хабаралайды РИА "Новости".

YouTube-ге қолжетімділікті түрік билігі 27 наурызда Түркияның әлеуетті құрылымдарының жоғары лауазым өкілдерінің Сирияға ықтимал әскери басқыншылық мәселесі талқыланып жатқан кездесуі туралы бейне жазба салынғаннан кейін блоктаған болатын. Бұдан сәл бұрын, 21 наурызда сот шешімімен Twitter жабылған еді.

Елдің Конституциялық соты 2 сәуірде Twitter-ді жабу туралы шешім шығарды, 29 мамырда YouTube-ге қатысты да осындай шешім қабылданды.

Таяу уақытта сервис Түркия аумағында іске қосылатын болады деп күтілуде. Елдің Премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган әлеуметтік желілердің жабылу ықтималдығы туралы бірнеше рет ескерткен. Оның пікірінше, осы ресурстардың көмегімен мемлекеттік құпиялар жария болуда, жеке өмірге араласу да орын алып келеді.

Соңғы жаңалықтар