Түркия билігі Ыстанбұлдағы лаңкестікті орындаушының ұлтын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия билігі 1 қаңтарға қараған түні Ыстанбұл орталығында атыс ұйымдастырған лаңкестің ұлты мен ықтимал орнын анықтады, деп хабарлады РБК.

Түркия билігі Ыстанбұлдағы лаңкестікті орындаушының ұлтын анықтады

Ыстанбұл орталығында 39 адамды өлтірген лаңкес ұйғыр болуы мүмкін. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы А Haber телеарнасының эфирінде түрік үкіметі басшысының орынбасары Вейси Кайнак мәлімдеген.

Оның айтуынша, билік лаңкестің болуы мүмкін орнын да анықтады. Нұсқалардың бірінде ол шекарадан тыс жерде жасырынуда, алайда қылмыскерді ұстауға Түркия тергеу әрекеті қатысатынын  жоққа шығармайды.

Қайнак сондай-ақ, лаңкес жалғыз өзі әрекет еткенін, алайда оның сыбайластары болуы мүмкін екенін айтты.