Түркия бронды техникасын Сирия шекарасына тартуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия әскерилері бронды техниканы Сириямен шекараға жіберуде, деп хабарлады сәрсенбі күні Anadolu агенттігі.
Агенттіктің әскери дереккөзінің ақпаратына сүйенсек, Сириямен шекаралас Элбейли ауданының Килис провинциясына қарулы күштер күзетіндегі танкілер, бронды транспортерлер, жұмыс техникалары жеткізілді, деп жазады РИА Новости.
Бұдан бұрын Түркия президенті Тайип Эрдоған, «операцияның мақсаты - 5 мың шаршы шақырым жерді террористерден тазартып, босқындарды орналастыруға арналған қауіпсіздік аумағын құру»,-деп мәлімдеген болатын.