Түркия: Эгей теңізінде мигранттар мінген шағын кеме батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияның оңтүстік-батыс жағалауындағы Эгей теңізінде ішінде мигранттар болған шағын кеме батып кетті. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапқан.

Түркия: Эгей теңізінде мигранттар мінген шағын кеме батып кетті

Алдын ала мәліметтер бойынша, оның бортында Еуроодақ аумағына заңсыз өтпек болған босқындар болған. Оқиға егжей-тегжейлі анықталу үстінде.

Ағымдағы айда Эгей теңізінде осыған ұқсас қайғылы оқиғалар болған. Соның салдарынан ондаған адам қаза тапты.

БҰҰ-ның мәліметтерінше, жыл басынан бері Жерорта теңізінде Еуропаға жетпек болған 2,5 мыңға жуық мигранттар мен босқындар қаза тапқан, оның ішінде хабар-ошарсыз жоғалғандары да бар, деп жазады ТАСС.