Түркия елшісі Астана процесінің басты жетістіктерін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Брифинг барысында түркиялық дипломат сириялық реттеу бойынша жүргізілген Астана процесінің нәтижелеріне жоғары баға берді.

Атап айтқанда, Астана процесінде шиеленістің барлық тараптары алғаш рет келіссөздер үстеліне жиналды.  Сегіз кездесуден кейін шиеленісті деэскалациялайтын 4 аймақ құру бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Н.Уяныктың айтуынша, қазіргі уақытта Астана процесінің кепіл мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кездесуін ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Кездесу наурыз айының ортасында Астанада өтуі мүмкін.
null 

Сондай-ақ, Н. Уянык қазақстандық журналистерге Түркияның Сириядағы «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясы жөнінде баяндап берді.

Оның айтуынша, 2018 жылдың 20 қаңтарында басталған «Зәйтүн бұтағы» операциясының басты мақсаты - түрік шекарасын және аймақты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және лаңкестерді бейтараптандыру. Бұл операция халықаралық құқық нормалары аясында БҰҰ жарғысының 51-бабына сәйкес жүргізілуде.

Елші келтірген деректерге сәйкес, Түркия сегіз жыл бұрын басталған Сирия дағдарысында 3,5 миллионнан астам сириялықты паналатып отыр. «Зәйтүн бұтағы» операциясының жүзеге асырылу кезінде тек қана лаңкестер мен олар паналап жүрген мекендер, лаңкестердің қару-жарақтары мен техникалары ғана нысанаға алынуда. Бейбіт тұрғындар мен операция алаңында орналасқан діни орындар мен мәдени нысандар, тарихи және археологиялық ескерткіштерге зақым келмеуі үшін барлық сақтық шаралары назарға алынуда.

null 

Соңғы жаңалықтар