Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркия Ердоғанның Петербургке баратынын хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия премьер-министрінің орынбасары Мехмет Шимшек Режеп Ердоғанның 9 тамыз күні Петербурге келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.

Түркия Ердоғанның Петербургке баратынын хабарлады

Сейсенбі күні Ресей мен Түркияның прьемьерлерінің орынбасарлары Мәскеуде кездесті. Reuters агенттігінің жазуынша, тараптар желтоқсан айында түрік әскери-әуе күштерінің ресейлік Су-24 бомбалаушысына шабуылынан кейін сызат түскен екі ел арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынасты қайта бастау мәселесін талқылады.

«Біз мұнда 24 қарашаға дейін болған жақсы қарым-қатынасымызды жоғарғы деңгейге көтеруге келдік», - деді М.Шимшек.

Ердоған Путинге Су-24 ұшағымен болған оқиғаға өкінішін білдіріп, хат жазғаннан кейін өкпе-реніштің тоңы жіби бастады. Ресей Түркияға баруға салынған тыйымды алып тастады, чартерлік рейстер қайта ашылды. Ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачев Мәскеудің Түркия азық-түлігіне салынған тыйымды алуға асықпайтынын жеткізді.

Дворковичтің айтуынша, Ердоғанның хаты мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қалпына келуіне негіз болды.  «Премьер-Министр үкіметаралық комиссияның жұмысын қайта бастау туралы шешімге қол қойды, - деді премьер-министр орынбасары. - Бұл біздің алға дамуымызға мүмкіндік береді».

Осы тұста Двокрович мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас кезең-кезеңімен қалпына келуі тиіс екенін атап өтті. Кездесуде Шимшек төңкеріс жасау әрекеті кезінде Түркияның ресми билігін қолдағаны үшін Ресей тарапына алғыс білдірді. Оның айтуынша,  Мәскеу «демократияны және Түркия билігін қолдады».

Оған Дворкович «Ресей қолданыстағы билікті құлатуға тырысатын конституцияға қарсы әрекеттердің болуына жол бермеу позициясын нық ұстанады», деп жауап берді.