Түркия ғарыш станциясын құруды жоспарлап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия ғарыш станциясын құру туралы шешім қабылдады, деді елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым Эксишехир провинциясындағы индустриалды аймақта тікұшақ бөлшектерін және қосалқы бөлшектерді өндіру зауытының ашылу рәсімінде.
Бұл туралы Анадолы хабарлайды. Үкімет басшысының айтуынша, мұндай шешім ғарыш пен авиациялық технологиялар арқылы елдегі қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін табиғи ресурстарды анықтау және пайдалану үшін қабылданды.
Премьер атап өткендей, ғарыш станциясының құрылысы туралы тиісті заң ел парламентіне жіберілді.
Сондай-ақ, Йылдырым Түркия ғарыш станциясы осы заң шығару кезеңінде дайын болуы мүмкін екенін нақтылады.