Түркия Грекияға газ жеткізуді тоқтатты
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Түркия Грекияға табиғи газ жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы бүгін түрік билігінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлады РБК.
Бұл шешім Әзірбайжан мен Ираннан Түркияға газ айдау тоқтатылғаннан кейін қабылданды. Дегенмен импорттың тоқтатылуының дәл себептері әзірге белгісіз.
Түркия Ресейден кейінгі екінші жеткізуші Ираннан жыл сайын 10 млрд. текше метр газ импорттайды. Тағы 6,6 млрд. текшеметр газ Әзірбайжаннан жеткізіледі.
Грекия 2002 жылғы жасалған шартқа сәйкес Түркиядан жыл сайын 800 млн. текше метрге дейін газ алады. Газдың реэкспорты 2007 жылы түріктің Караджабей және гректің Комотини қалалары арасында газ құбыры орнатылғаннан кейін басталды.