Түркия халқының саны 86,3 млн-нан асты
АСТАНА. KAZINFORM — Түркия халқының саны артып келеді — жыл басынан бері елге 228 мыңнан астам тұрғын қосылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі.
Түркия статистика институтының (TÜİK) мәліметінше, 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Түркияда халық саны 86 320 602 адамға жетті.
Салыстырмалы түрде, 2025 жылдың соңында ел халқының саны 86 092 168 адамды құрады. Осылайша, биылғы жылдың алғашқы алты айында халық саны 228 434 адамға өсті. Биылғы жылдың 1 мамыры мен 1 шілдесі аралығында өсім 123 904 адамды құраған.
Ерлер халықтың 50,01%-ын немесе 43 170 975 адамды құрайды. Әйелдер саны — 49,99%-ын немесе 43 149 627 адам.
Осылайша, Түркиядағы ерлер мен әйелдер саны арасындағы айырмашылық өте аз: елде ер адамдар шамамен 21 мың ғана артық.
Осыған дейін Қытайда 60 жастан асқан тұрғындар саны 323 миллионнан асқанын жаздық.