Түркия Индонезияға 48 отандық жойғыш ұшағын экспорттайды
АСТАНА. KAZINFORM — Түркия қорғаныс өнеркәсібіндегі бесінші буынға жататын отандық 48 «KAAN» жойғыш ұшағын Индонезияға экспорттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды TRT ақпараттық агенттігі.

— Бұл өте маңызды және қуантатын жетістік. Ұлттық қорғаныс өнеркәсібіміздің дамуы мен қазіргі мүмкіндіктерін көрсететін бұл келісім Түркия үшін де, Индонезия үшін де пайдалы болады деп үміттенемін, — деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің «X» платформасында.
Президент Түркия тарихындағы «рекордтық экспорт келісімін» жүзеге асырғаны үшін Қорғаныс өнеркәсібі мен Түрік аэроғарыш өнеркәсібін және осы процеске қатысқан барлық мекемелерді құттықтады.
Айта кетейік, бесінші буынға жататын «KAAN» жойғыш ұшағы радардан қашатын мүмкіндіктерге ие және әрқайсысы 13 000 килограмм күш беретін қос қозғалтқышпен жұмыс істейді. Осы мүмкіндіктердің арқасында ұшақ 1,8 Mach жылдамдығына жете алады. Сонымен қатар Түрік аэроғарыш өнеркәсібі жасанды интеллект, жетілдірілген сенсорлық жүйелер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеу қабілетін біріктіретін алтыншы буын моделін жасауда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда «тайға таңба басу» рәсімі өткені туралы жазғамыз.