Түркия Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтатуы мүмкін
АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат - Анкара Израильмен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты үзу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Олай болмасын десе, Израиль үкіметі Газа секторына гуманитарлық жүк жеткізбек болған кемелерді басып алғаны және түрік азаматтарын өлтіргені үшін кешірім сұрауы және жауынгерлік операцияға тәуелсіз тексеру жүргізуге келісуі керек. Бұл туралы Вашингтонда Түркия елшісі Намик Тан мырза мәлім етті.
Өткен дүйсенбіде Газа секторына гуманитарлық жүк апара жатқан флотилияға Израиль тарапынан жасалған шабуылдың салдарынан Түркияның 9 адамы қаза болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.