Түркия қауіпсіздік күштері Боливия кемесінен 13 тонна есірткі тәркіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрік қауіпсіздік күштері Ливиядағы Тобрук портының солтүстік шығысындағы халықаралық су айдынындағы кемеден 13 тонна есірткі тәркіледі, деп хабарлайды trt.net.tr сайты.

Түркия қауіпсіздік күштері Боливия кемесінен 13 тонна есірткі тәркіледі

Түркияның Есірткімен күрес департаменті «Боливия кемесінде есірткі бар» деген ақпар алғаннан кейін Теңіз қауіпсіздігі күштерімен бірлесіп іске кіріскен. Әскерилердің бір ұшақ және кемесі 3 қаңтарда аталмыш кеменің орнын анықтап, бақылауға алған.
Боливия үкіметі рұқсатымен түрік қауіпсіздік күштері кемеге операция жасады. Кемені тінту кезінде 13 тонна есірткі табылған.
Бұл Түркия тарихындағы тәркіленген ең ірі көлемдегі есірткі болып отыр.