Түркия қазақстандықтарға 200-ден астам тегін оқу грантын бөледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Түркия университеттері 200-ден астам грантын Қазақстан азаматтарына бөледі. Бұл туралы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия қазақстандықтарға 200-ден астам  тегін оқу грантын бөледі

Ағылшын тіліндегі бакалавриат пен магистратура бағдарламасы жөнінде, оқуға түсу рәсімдері туралы, сонымен қатар қазақстандық студенттерге арналған гранттар мен стипендияларға қатысты мәселелерді түрік ЖОО-лары өкілдерінен анықтап алуға мүмкіндік беріліп отыр.

Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарындағы үміткерлер өз құжаттарын Түркияның жоғары оқу орындарының ресми сайттарына ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап жолдай алады.

Толық ақпаратты мына сілтемеден көруге болады.