Түркия Қазақстанның ұлтаралық келісімдегі тәжірибесін үйренуге мүдделі ? түрік ғалымы

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Түркия Қазақстанның ұлтаралық келісімдегі тәжірибесін үйренуге мүдделі. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамлеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс жоспары бойынша өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы - қоғамды ұйымдастырушы институт» халықаралық ғылыми-тәжірибелік

Түркия Қазақстанның ұлтаралық келісімдегі тәжірибесін үйренуге мүдделі ? түрік ғалымы
конференциясының қорытынды отырысында Түркияның Ыстамбұл университетіндегі Еуразия институтының бас директоры Хаяти Тюпекшіоғлы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгінгі таңда Қазақстанда 132 ұлт пен ұлыстар бейбітшілік туы астында өмір сүруде. Бүгінде барша әлем осындай үлгідегі келісім мен татулық ұстанымын іздеп жатыр. Ал Қазақстан болса, оны өз жерінде қолданысқа енгізіп, халықтардың еркін әрі достық байланыстарда күн көруге негіз жасап берді. Мен білемін, алдағы уақытта әлемнің барлық ғалымдары Қазақстанға келіп, оның осы бағыттағы тәжірибесін зерттейтін болады. Қазірдің өзінде біз осыны байқап отырмыз. Ендігі кезекте Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын әрі қарай жандандырып, этносаралық және конфессияаралық байланыстарды дамыту ісіне жастарды кеңінен тарту қажет», - дейді ғалым.Х.Тюпекшіоғлының сөзіне қарағанда, бұған дейін Түркия елінде ұлтаралық келісімнен гөрі ұлтшылдық басым болған. «Қазіргі кезде біздің елдің басшылығы осы бағыттағы саясатты өзгертіп, этносаралық келісім тәжірибесі жағынан Қазақстаннан үйренуге мүдделі болып отыр», - дейді ол.