Түркия Кобанидағы күрдтерге қару бермейтін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Сириядағы Кобани қаласын «Ислам мемлекеті» содырларынан қорғаушы күрдтердің партиясына қару жарақпен көмектесу керек еместігін жеткізді, деп хабарлады ВВС.
Эрдоғанның айтуынша, Күрдістанның демократиялық одағы партиясы - террорлық ұйым. Кобани қаласындағы ВВС тілшісінің хабарлауынша, Түркия жақтағы шекарада түнгі ауыр қарулы соққылардан кейін қазір тыныштық орнаған.