Түркия Конституциясына өзгерістер енгізуді көздеп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда басқарушы «Әділдік және даму партиясы» парламентте президент Реджеп Тайып Ердоғанның өкілеттігін кеңейтетін елдегі қолданыстағы конституцияға түзетулер енгізу туралы заң жобасына бастамашылық етуде.Заң жобасына сәйкес, Түркия Франция сияқты президенттік республика болады.
None
None

Президент Ердоған президент болып сайланғаннан кейін көп ұзамай екі жыл бұрын осындай реформа жүргізу қажеттігін айтқан.
Бұл бастаманың қарсыластары конституцияны өзгертіп, басқару билігі бір адамның қолына өтсе, жаппай тұтқындау орын алған шілдедегі көтеріліс әрекеті қайталануы мүмкін деп болжайды.

Өзгерісті жақтайтындар ел басқару жүйесін жеңілдететінін айтады.

Ердоған өзі егер параламент конституцияға өзгерісті мақұлдаса, бұл мәселе 2017 жылы референдумға шығарылатынын жариялады.
Түркия Премьер-министрі Бинали Йылдырым конституцияға енгізілетін түзетулер елді төңкеріс әрекетінен құтқаратынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар