Түркия Қорғаныс министрлігі: Босфор бұғазында минаға ұқсас нысан залалсыздандырылды

АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркияның Қорғаныс министрлігі сенбі күні Босфор бұғазында минаға ұқсайтын нысанды тауып, залалсыздандырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Aнадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Қорғаныс министрлігі: Босфор бұғазында минаға ұқсас нысан залалсыздандырылды

«Босфор бұғазында табылған минаға ұқсас нысанды су астынан қорғаныс топтары бақылауға алды. Оны залалсыздандыру үшін әрекет жасалды», - делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Жағалау қауіпсіздік бас басқармасы қауіпсіздік мақсатында Босфор бұғазының екі бағытта да көлік қозғалысына жабылғанын хабарлады.