Түркия құмар ойындарына шектеу қоймақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия заңсыз құмар ойындарымен айналысатын ұйымдарымен күресті күшейтпек, деп хабарлайды Trend.
Елде құмар ойындары сайттарын бақылайтын арнайы комиссия құрылды, оның құрамына Түркияның Бас прокуратура өкілдері кірген
Елде заң қатал болғандықтан құмар ойындары сайттарының құрылтайшылары мен қолданушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот алдында жауап береді.
«Онлайн құмар ойындары ұйымдастырушыларының табысы, мүлкі тәркіленіп, олардың кез келген қаржы аударылымына тыйым салынады, сондай-ақ құмар ойындарын жарнамалайтын сайттар бұғатталады», - деп жазды БАҚ.
Айта кетейік, Түркияда құмар ойындарына 1984 жылы ресми тыйым салынған.