Түркия мен Әзербайжан ЕО-ға газ құбырының құрылысын жеделдетпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия мен Әзербайжан Еуропалық одаққа әзербайжандық газ тасымалданатын құбырдың құрылысын жандандырмақ. Бұл туралы Бакуде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Түркия Премьер-Министрі Реджеп Тайып Ердоған келісті, деп жазады шетелдік БАҚ.
Жоспар бойынша жоба 2018 жылдан бастап іске қосылады. Бастапқыда газ құбыры Әзербайжаннан ЕО-ға жыл сайын 10 млрд. текше метр газ өткізсе, кейіннен оның көлемін үш есеге арттыру көзделіп отыр.
Тиісті келісімге Баку мен Анкара 2012 жылы қол қойған еді. Алайда ЕО-ның ресейлік энергия тасымалдаушыларына балама таңдау іздеудің салдарынан Түркия мен Әзербайжан бұл жұмысты жеделдетуге уағдаласты.