Түркия мен Қазақстан 1 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қалпына келтіреді

АНКАРА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – 1 қыркүйектен бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия мен Қазақстан 1 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қалпына келтіреді

Түркия елінің Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлының айтуынша, Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы 1 қыркүйектен бастап жаңартылады.

Еске сала кетсек, 7 тамыз күні Анкарада Қазақстанның вице-премьері Ералы Тоғжанов бастаған қазақстандық делегация Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесу өткізіп, онда әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелерін талқылады.

Бұған дейін, 6 тамызда түрік билігінің Air Astana компаниясына Түркияға екі апта ұшуға тыйым салғаны туралы хабарланған. Одан кейін Түркия Елшілігі Қазақстаннан әуе рейстерінің тоқтатылу себебін түсіндірді.