Түркия орталық банкі негізгі ставканы 8,5 пайыздан бірден 15% көтеріп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркия орталық банкі негізгі мөлшерлемені 650 базистік пунктіге, 8,5 проценттен 15-ке дейін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: Анадолы агенттігі

Шешім Түркия орталық банкі қаржы саясаты кеңесінің бүгінгі отырысының қорытындысы бойынша жарияланды.

Тұрақтандырушы банк қаржы-несие саясатын қатаңдату процесі басталатынын хабарлады.

«Нарық механизмі тиімділігін жоғарылату және макро-қаржы тұрақтылығын нығайту бойынша қадамдар жасалады. Қаржы-несие саясатын қатаңдату кезең-кезеңімен инфляция саласындағы жағдай жақсарғанға дейін жалғасады», - деп хабарлады ОБ өкілдері.

Тұрақтандырушы түрлі елдердің орталық банктері инфляция дәрежесін төмендету бойынша шара қолданып жатқанын айтып, жаһандық үрдіске назар аудартты.

Осыған байланысты Түркияда жылдық инфляцияны 5 процентке жеткізетін орташа жедел мақсаттың маңызы атап өтілді.

«Орталық банк инфляцияны бақылап отырады және елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолда бар құралдардың бәрін пайдаланады», - делінген кеңес мәлімдемесінде.


Соңғы жаңалықтар