Түркия өзінің әскери ұшағын шығарумен айналысады
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Түркияның қорғаныс индустриясы түрік әсери ұшағын шығару бағдарламасын өрістету туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Росбалт.
MIGnews сайтының хабарлауынша, бағдарлама мемлекеттік қазынаға 20 миллиард долларға түспек.
Түріктік алғашқы әскери ұшақтар 2020 жылы конвейерден шығарылады деп күтілуде.
Қазір мұндай өндірісті жолға қоюдың экономикалық қажеттігін және пайдалылығын бағалау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Түркияға бұл істе JAS-39 әскери ұшақтары жақсы бағаланып жүрген шведтік SAAB концерні көмектеспек.
Еске сала кетейік, Анкара сондай-ақ американдық жаңа F-35 әскери ұшақтарын сатып алуды жоспарлауда. Алайда американдықтардың осы күрделі жауынгерлік техниканың бағдарламалық қамтамасыз ету кодын олардың қарауына беруден бас тартуы түрік өкіметінің ренішін туғызып отыр.