Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркия парламентінде депутат әйелдер төбелесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрік парламентінде конституциялық реформаны талқылаудың аяғы депутат әйелдердің жанжалына ұласты, деп жазды Утро.ру Hurriyet басылымына сілтеме жасап.

Түркия парламентінде депутат әйелдер төбелесті

«Әділдік және даму» билеуші партиясы ұсынған түзетулерге қарсылық ретінде тәуелсіз депутат Айлин Назлиака өзін мінберге кісендеп, заң шығарушылардан конституциялық реформадан бас тартуды талап етті.

Саяси қарсыластары Назлиаканы күштеп залға әкетуге тырысты. Әйелдер арасында жанжал туындап, соның салдарынан үш депутат дәрігер көмегіне жүгінді.