Түркия полициясы балалардың порнографиялық фильмдерін түсіретін 192 адамды ұстады

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Анкарада порнографиялық фильмдерді түсіретін 192 адам ұсталды. Оларды құрықтау операциясы  балалар порнографиясы және киберқылмыспен күрес полиция департаментінің арнайы бөлімшесі арқылы іске асырылды,

Түркия полициясы балалардың порнографиялық фильмдерін түсіретін 192 адамды ұстады

 деп хабарлады Утро. ру.

 Анкара қаласының прокуратурасымен берілген ордерлер бойынша, Түркияның ауылдары мен әртүрлі қалаларында 300  үйде тінту жұмыстары жүргізілді.  

 Тексерілгендердің ішінде мемлекеттік қызметкерлер, докторлар, мұғалімдер мен қорғаушылар және дәрігерлер бар. Тексеру басқармасының болжамына сәйкес, олар танымал мәдениет жұлдыздарының есімдерін жамыла отырып, 9-15 жасар арасындағы балалардың сеніміне кірген. Оларды өз мақсаттарына пайдаланған.