Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркия полициясы төрт содырдан 24 жанкешті белбеуін тәркіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Газиантеп қаласының поициясы «Ислам мемлекеті» террористік тобының төрт содырын ұстап, 150 келілік жарылғыш заттар мен жанкештінің 24 белбеуін тәркіледі, деп хабарлайды ресейлік РИА Новости.

Түркия полициясы төрт содырдан 24 жанкешті белбеуін тәркіледі

«ИМ құрамындағы Сириядан келген содырлардың Түркия аумағында алып шабуыл ұйымдастырып жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті. Осыған байланысты төрт күдікті тұтқындалды, оның біреуіне іздеу салынған болатын. Олардан жанкештінің 24 белбеуі, 150 келілік жарылғыш заттар, 2 Калашников автоматы, жарылғыш заттарды қашықтықтан басқаратын 19 ұялы телефон, бомбаға арналған 21 сағат тетігі, жанкештіге арналған 20 жарғыш, сондай-ақ лаңкестік әрекетке арналған басқа да қарулар мен материалдар тәркіленді», - деп хабарлады агенттіктің дереккөзі.

«Қазір күдіктілерді прокуратура тексеруде», - деп атап өтті Газиантеп провинциясы әкімшілігі баспасөз қызметінің өкілі.