Түркия полициясында «тазарту»: 60-тан астам қызметкер қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда тыңшылық пен телефон әңгімелерін заңсыз тыңдаған деген күдікпен 67 полицей қамауға алынды, деп жазады ВВС.

Түркия  полициясында «тазарту»: 60-тан астам қызметкер қамалды

Олардың кейбірі Түркия Премьер-Министрі Реджеп Тайып Ердоғанға жақын топқа қатысты жемқорлық істерін тергеуге қатысқан көрінеді.

Сонымен қатар қамалғандардың арасында ыстамбұлдық лаңкестікке қарсы күрес полициясының бұрынғы екі басшысы да бар. Олардың бірі журналистерге айтқан сөзінде өзіне қарсы іс саясиландырылғанын жеткізген.

Ыстамбұл прокуратурысының ақпараты бойынша полицейлер мыңдаған адамдардың телефондарын тыңдағын, оның ішінде Премьер-Министр мен түркиялық барлау қызметі басшысына тыңшылық жасаған. 100-ден астам күдіктіні тұтқындауға ордерлер берілді, деп атап өтті прокурор.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтырғы желтоқсанда басталған жемқорлыққа қарсы тергеу үш министрдің балаларын қамауға алуға және төрт ведомство басшысының отставкасына алып келді.

Өз кезегінде Ердоған бұл тергеу өзінің бұрынғы саяси қарсыласы Фетхулла Гюленнің бастамасымен жүргізілгенін мәлімдеген болатын.