Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы қызметінен кетпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы басқарушы партия көшбасшысы және үкімет басшысы қызметтерінен кету шешімін жариялады. Партияның жаңа басшысы сайланатын кезектен тыс съезі 22 мамырда өтеді.
Бұл туралы РБК хабарлады.
Түркия саясаткері Ахмет Дәуітоғлы өзінің шешімі туралы партияның штаб-пәтерінде мәлімдеді. Дәуітоғлы басқарушы партияның кезектен тыс съезінде қайта сайланбайтынын айтты.
«Президентпен кеңесулерден кейін мен партия көшбасшысын және премьер-министрді ауыстыру жақсы болады деген пікірге келдім», - деген Дәуітоғлының сөздерін келтіреді The New York Times. Ол басшылықты ауыстыру «партияның бірлігін сақтап қалу үшін бейбіт әдіспен өткізілуі тиіс», екенін атап өтті.