Түркия премьер-министрі үкіметтің жаңа құрамын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркияның 65-ші үкіметіндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлады Анадолу.
Түркия премьер-министрі үкіметтің жаңа құрамының мүшелері - жұмыс істеп жатқан министрлер сияқты өз істерінің мамандары екенін хабарлады.
«Әңгіме эстафетаны тапсыру жайында ғана», - деп атап өтті Йылдырым.
Түркия премьері үкіметтің жекелеген мүшелері жауапты салаларды бөлу үдерісі жалғасып жатқанын айтты.
«Бір күнде ішінде вице-премьерлер жетекшілік ететін құрылымдар хабарланады», - деп түсіндірді Йылдырым.
Вице-премьерлер: Бекир Боздаг, Мехмет Шимшек, Фикри Ишик, Реджеп Акдаг, Хакан Чавушоглу;
Әділет министрі - Абдулхамит Гюль;
Отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатма Бетюл Саян Кая;
Еуроодақ істері министрі - Омер Челик;
Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі - Фарук Озлю;
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі - Жюлиде Сарыэроглу;
Қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік қорғау министрі - Мехмет Озхасеки;
Сыртқы істер министрі - Мевлют Чавушоглу;
Экономика министрі - Нихат Зейбекчи;
Энергетика және табиғи ресурстар министрі - Берат Албайрак;
Жастар істері және спорт министрі - Осман Ашкын Бак;
Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрі - Ахмет Эшреф Факыбаба;
Кеден және сауда министрі - Бюлент Тюфенкчи;
Ішкі істер министрі - Сулейман Сойлу;
Даму министрі - Лютфи Эльван;
Мәдениет және туризм министрі - Нуман Куртулмуш;
Қаржы министрі - Наджи Агбал;
Ұлттық білім беру министрі - Исмет Йылмаз;
Ұлттық қорғаныс министрі - Нуреттин Джаникли;
Орман шаруашылығы және су ресурстары министрі - Вейсел Эроглу;
Денсаулық сақтау министрі - Ахмет Демирджан;
Көлік, меке қатынасы және байланыс министрі - Ахмет Арслан.