Түркия премьері 30 наурызда өтетін сайлауда жеңілген жағдайда саясаттан кетуге әзір

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Премьер-министрі Тайип Эрдоган 30 наурызда жергілікті билік органдарына сайлауда партиясы жеңіліс табатын болса, саясаттан қол үзуге әзір екендігін айтты.

Түркия премьері 30 наурызда өтетін сайлауда жеңілген жағдайда саясаттан кетуге әзір

Бұл туралы үкімет басшысы Әділдік пен даму партиясын басқаратын штаб-пәтерде сөз сөйлеген кезде мәлім етті.

"Мен ашығын айтамын. Егер партиям сайлауда бірінші болмаса, саясаттан кетуге дайынмын. Басқалары да осындай әрекетке дайын ба? Халықтық-республикалық партия мен Ұлттық қозғалыс партиясының төрағалары орынтақтарын босата ма? Олар орындарын сақтап қалуға тырысады, қозғалатын ойлары да жоқ ", -деп атап өтті Эрдоган.

ӘДП беделі сыбайлас жемқорлыққа орай туындаған дау-дамай және премьер мен ұлының телефон арқылы сөйлескен сөздері жазбаларының әшкереленуіне байланысты едәуір төмендеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.