Түркия Премьері интернеттегі баласымен болған әңгімені жалған деп хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Премьер-Министрі Реджеп Тайып Ердоған баласымен телефон арқылы ақша жайында сөйлескен әңгімесі жайында интернетте орналастырылған дыбыс жазбасын жалған деп мәлімдеді.
Атап айтқанда, бұл жазбада оның баласымен ірі сомадағы қаржыны жасыру тұрғысындағы әңгімесі келтірілген.
Түркия үкіметінің басшысы парламент алдында YouTube бейне хостингіне салынған дыбыстық файл жала екенін және осыған кінәлілер жазаға тартылуы тиіс екенін атап өтті.
Осы орайда Ердоған өзіне қатысты жемқорлық айыптауларын астыртын әрекеттерге бағалап отыр.
Айта кетейік, оппозиция өкілдері дыбыс жазбаларының жариялануына байланысты бірнеше мәрте премьер-министрдің отставкасын талап еткен болатын.