Түркия Премьері өз жақтастарын сайлаудағы жеңіспен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Премьері-министрі «Әділет және даму» (ӘДП) партиясының төрағасы Ахмет Давутоглу өз жақтастарына қолдау білдіргені үшін алғыс айтып және оларды партияның кезектен тыс парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Түркия Премьері өз жақтастарын сайлаудағы жеңіспен құттықтады

Жалпы 99 пайыз бюллетенді есептеу қорытындысы бойынша ӘДП 49,2 пайыз дауысқа ие болады және парламентте 316 орын алады, яғни басым көпшілікті қамтамасыз етеді және бір партиялық үкімет құруға мүмкіндік алады.