Түркия Премьері Р. Эрдоған палестиналықтарға қолдау көрсетуге шақырды

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Түркияның Премьер-министрі Режеп Тайып Эрдоған халықаралық қауымдастықты Газа секторында тұратын палестиналықтарға қолдау көрсетуге шақырды.
None
None

Эрдоған бұл мәлімдемені Каирде, өңір елдері көшбасшыларының төртжақты кездесуі барысында жасады, деп хабарлайды Associated Press.

Түркия премьер-министрі мен іс-шараны ұйымдастырушы - Египет Президенті Мохаммед Мурсиден бөлек кездесуге Катар әмірі Хамад бин Халифа әл-Тани және "Хамас" ұйымының басшысы Халед Машаль қатысты.

Олардың әңгімесінің басты тақырыбы палестиналық жауынгерлік топтар мен Израиль Қорғаныс армиясының бітімге келуінің іске аспауын талқылау және олардың арасында жаңа ракеталық соққылар толқынының басталуы болды.

Аталған іс-шарамен бірмезгілде Каирде Араб елдері лигасына қатысушы-мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің отырысы өтті. Олардың күнтәртібінің негізгі тақырыбы Сирия және палестиналық-израильдік қарсы тұрулар айналасындағы жағдайға арналды.

Еске салайық, осы аптада Израиль мен Газа секторы арасындағы бейбіт диалог іске аспай қалды, тараптар ракеталық соққылармен алмасуды бастады.

Соңғы жаңалықтар