Түркия премьерінің кортежіне граната лақтырылды

деп хабарлады РБК агенттігі ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап.
Бұл оқиға сайлауалды науқанның аясында Үкімет басшысының Кастамону қаласына жасаған сапарының барысында болған. Елдегі билік жүргізуші Әділдік және даму партиясының мүшелері мінген автобусқа еріп жүрген машинаға граната лақтырғаннан кейін, әлгілер оған оқ жаудырған. Атыс кезінде екі полицей жараланып, олардың көліктері жанып кеткен.
Кортежге шабуыл жасалған кезде Р.Ердоған қаладан шығып кеткен. Ол кезекті митингте делегацияға жасалған шабуылды айыптады. «Ол лаңкестер мен сепаратистер демократиялық сайлауда жеңіске жете алмайтын болғандықтан осындай шабуылдар жасап отыр. Біз ешкімге елімізді жік-жікке бөлуге жол бермейміз. Ұлы ұлтымыз қарақшыларға берілмейді», - деді ел премьері өз мәлімдемесінде.