Түркия Президенті: Қазақ елі 2025 жылы түркі әлеміндегі ең ірі сауда-экономикалық серіктесімізге айналды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркия Президенті қазақ және түрік кәсіпкерлерінің үлес қосуының арқасында Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынас нығайып келе жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Түркия Президенті: Қазақ елі 2025 жылы түркі әлеміндегі ең ірі сауда-экономикалық серіктесімізге айналды
Фото: Ақорда

— Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көреген басшылығымен Қазақстанның экономика саласында жеткен жетістіктерін жіті бақылап отырамыз. 2025 жылы елдің ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға жетіп, жан басына шаққанда 15 мың долларға жақындады. Бүгінде Қазақстанды сыртқы сауда айналымы 145 миллиард долларға жеткен Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел ретінде білеміз. Осы өсімнің нәтижесінде Қазақ елі 2025 жылы түркі әлеміндегі ең ірі сауда-экономикалық серіктесімізге айналды. Әрине, біз мұнымен шектелмейміз. Мақсатымыз — 15 миллиард долларлық межеге жету, — деді Режеп Тайип Ердоған.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысушылармен суретке түсті.

Түркия Президенті: Қазақ елі 2025 жылы түркі әлеміндегі ең ірі сауда-экономикалық серіктесімізге айналды
Фото: Ақорда
Түркия Президенті: Қазақ елі 2025 жылы түркі әлеміндегі ең ірі сауда-экономикалық серіктесімізге айналды
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты. Мемлекет басшысы бұл форумның екі ел үшін тиімді әрі мазмұнды болғанын атап өтіп, алқалы жиынды ұйымдастыруға атсалысқан Түркия тарапына алғыс айтты. Президент Қазақстанда түрік компанияларына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанына тоқталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.