Түркия президенті Катар мен Сауд Арабиясы арасындағы келіспеушілікті шешуге атсалыспақ
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған осы жылы шілдеде маусым айында дипломатиялық қарым-қатынасы толықтай үзілген Сауд Арабиясы мен Катарға барады, деп хабарлады Әл-Арабия телеарнасына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ердоған 23-24 шілдеде Парсы шығанағы аймағындағы дипломатиялық дағдарыстың негізгі делдалы - Кувейтке де барады. Араб сарапшыларының айтуынша, Түркия Катардың негізгі одақтасы болып табылады.
Өз кезегінде, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Бахрейн Дохадан «13 кең ауқымды талапты» (түрік құрлығын жарты аралдан шығаруды қоса алғанда) орындауына қол жеткізуге тырысуда.