Түркия президенті: «Лаңкестік» ұғымының аясын кеңейту қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған «терроризм» термині ұғымының аясын кеңейту қажеттігін айтты. Ол террорлық актіні орындаушы және оған дем беруші емес, жалпы осы әрекетке қолдау танытқанның барлығын «лаңкес» деп тану қажеттігін айтты, деп хабарлайды «ВВС» агенттігі.

Ердоғанның айтуынша, қолында қаруы, жарылғышы бар лаңкестен оған жағдай жасап немесе қаламмен жақтасқанның да айырмашылығы жоқ.
-Ол журналист те, заң шығарушы да, түрлі қоғам белсендісі де болуы мүмкін, - деді Түркия Президенті.
Жексенбі күні Анкара қаласында жарылыс болып, 37 адам қаза тапты, 125 адам жараланды.

Соңғы жаңалықтар