Түркия президенті өз сарайында мешіт ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Анкара қаласының Бештепе ауданында орналасқан сарайында мешіт ашқаны туралы жария етті, деп хабарлайды Ассошиэйтед пресс.
Мұнараларының биіктігі шамамен 60 метрге жететін, 3 000 адамға дейін құлшылық етуге арналған мешіт түрік астанасындағы ең биік мешіттердің біріне айналды.
Құдайға құлшылық орнының ашылу салтанатында Түркия президенті мешіттің халық игілігіне қызмет ететін жеткізді. «Бештепедегі жаңа мешіт біздің бірлігімізды нығайтып, бауырмалдығымызды арттыра түседі деген үміттемін», - деп жазды ел басшысы өзінің Твиттердегі парақшасында.