Түркия президенті түрік делегациясына жасалған шабуылға қарамастан Сомалиге барад

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті Тайып Эрдоган 24 қаңтарда Сомалиге жоспарлап қойған сапарын Могадишода түріктің арнайы қызметтерінің қызметкерлеріне шабуыл жасалғанына қарамастан жасайды.

Түркия президенті түрік делегациясына жасалған шабуылға қарамастан Сомалиге барад

Бұл туралы президент кеңсесінен хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, Африка елі астанасындағы аудандардың бірінде, президент сарайына жақын жерде миналанған көлік жарылды. Жарылыс салдарынан бес полицей қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуның мәлімдемесінде Түркия күш құрылымдары қызметкерлерінің ешқайысысы зардап шекпегені туралы хабарланды. Қазіргі уақытта Түрік делегациясы лаңкестік әрекет жасалған жерге жақын орналасқан қонақүйде тұрып жатыр.