Түркия шахтасындағы апат: 20 кеншіні үйінді басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстігіндегі шахталардың бірінде болған апат салдарынан шамамен 20 кенші үйінді астында қалды.

Түркия шахтасындағы апат: 20 кеншіні үйінді басып қалды

Үйінділердің құлауы жарылыстың тууына түрткі болған.

Елдің мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бірнеше кенші жоғарыға шығарылған. Құтқарушылар үйінді басып қалғандарға жетуге әрекеттеніп жатыр.

Еске сала кетейік, биыл Сома қаласындағы көмір шахтасында шыққан өрт салдарынан 300-ден астам адам қаза тапқан еді.