Түркия шенеуніктеріне жеделсатыны қолдануға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эдирна провинциясының губернаторы жергілікті шенеуніктерге мемлекеттік мекемелердегі жеделсатылармен жүруге тыйым салды, деп жазады 24.kz.

Түркия шенеуніктеріне жеделсатыны қолдануға тыйым салынды

Екінші және үшінші қабаттардағы қызмет етушілер енді тек қана баспалдақпен түсіп-шығуға мәжбүр. Бұл ереже сондай-ақ, мүгедектер мен қарт адамдардан басқа, мемлекеттік мекемелерге келушілерге де қатысты.

Оның сақталу-сақталмауын әр кеңсе ғимаратында жұмыс істейтін арнайы бақылаушылар қадағалайды. Осындай ерекше әдіспен аумақ басшысы азаматтардың денсаулығын жақсартуға және артық салмақтан арылуға көмектесуге бел буыпты.

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеуі бойынша ел тұрғындарының 30%-на жуығында артық салмақ бар екен. Сондай-ақ, жеделсатыдан бас тарту - электр шығынының азаюына байланысты коммуналдық төлемдерді үнемдеуге септігін тигізеді.