Түркия Шенген аймағы елдерінің азаматтарын елге визасыз кіргізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия визалық режимді өзара ырықтандыру туралы келісім аясында Шенген аймағындағы елдердің азаматтарын визасыз қабылдайды. Бұл шара Еуроодақ Түркия азаматтарын визасын қабылдай бастаған соң қолданылады, деп хабарлады Би-би-си.
4 мамырда Еурокомиссия Түркияның визасыз режим енгізу үшін қойған 72 талапты қаншалықты орындағанын қарастырып, кейін Түркия азаматтарын визасыз қабылдауды енгізуі мүмкін.
Алайда бұл үшін Анкара қойылған талаптардың барлығын орындауы шарт.
Дипломаттардың сөздеріне қарағанда, Түркия бұл талаптардың жартысын ғана орындаған.
Түркиямен визасыз режимді енгізу туралы шешім - Брюссель мен Анкара арасындағы келісімдердің бір бөлігі. Құжат аясында Түркия өзінің аумағынан заңсыз Грекияға барып, одан қайтарылған мигранттарды қабылдауға келісті.
Бұл шартқа сәйкес, Түркия Евроодақтан 3 миллиард еуро алуы тиіс.